Азық-түлік бағасын асырған саудагерлер жазаланды

1753
Adyrna.kz Telegram
фото: Dauletten.kz
фото: Dauletten.kz

Ақтөбе облысында 10 кәсіпкер делдалдық желілер тізімінен шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

“Кәсіпкерлік басқармасы бағаны негізсіз көтеріп жүрген делдалдарды анықтау үшін комиссия құрды. Мониторинг нәтижелері бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Сауда бағасын асырып, тауарын бағасын көрсетпей сатқан үш кәсіпкерге айыппұл салынса, қалғандарына ескерту жасалды. Сондай-ақ, 10 кәсіпкер өнімсіз делдал тізбегінен шығарылды», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға 2018-2023 жылдар аралығында 4,5 млрд теңге бөлінді. Тұрақтандыру қоры құрылды, оның операторы «Ақтөбе ӘКК» АҚ.

“Тұрақтандыру қорында 31 тонна қарақұмық, 300 тонна қант, 560,3 тонна бірінші сұрыпты ұн және 68 тонна күріш өнімдері бар. Өткен жылдың сәуір айынан бері әлеуметтік нан бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында облыстағы ірі наубайханаларға 4604 тонна бірінші сұрыпты ұн бөлінген. Қазір 550 граммдық бөлке нан 86 теңгеден сатылуда. Жалпы, әлеуметтік өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда желілері мен дүкендермен 500-ден астам меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде "Анвар" және "Сапа Маркет" желілерімен азық – түлік өнімдеріне бағалық үстемеақыны 5 пайызға, аудандардағы дүкендерде 10 пайыздан асырмауға уағдаласты", - деді Құсайын Сәрсембай.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер