Қазақстанда ер адам АҚШ-тан балалар ойыншықтарының кейпінде есірткі алдырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасай отырып.
«Мемлекеттік айыптаушы сотқа айыпталушы азаматқа қатысты «балалар ойыншықтары» деген желеумен Қазақстан аумағында сату және материалдық пайда алу мақсатында АҚШ-тан халықаралық пошта жөнетілімдері арқылы есірткі заттарын тапсырыс беріп, алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді», - деді прокуратура.
Прокуратураның мәліметінше, өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің аса ауыр санатының тізбесі кеңейтілген. Олардың қатарына есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар кіреді.
2023 жылдың соңында алқабилер есірткі контрабандасымен айналысатын А. азаматына қатысты айыптау үкімін шығарды. Олардың үкімі негізінде кінәлі 10 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.
“Адырна” ұлттық порталы