"Экстремистік" мақала бойынша қамауға алынған журналист және NE Deidi youtube арнасының авторы Думан Мұхамедкәрімге егер ол журналистикадан кетіп, сенімінен бас тартса, босатылатыны туралы мәміле жасалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы respublika.kz.media сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюрода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Дегенмен журналист ұсыныстан бас тартқан.
"Думанға келіп, мәміле ұсынылды. Бірден айтайын, мен фамилияларды, кім келді және қалай келді – бұл туралы айтпаймын, бірақ факт мынада: егер ол өз сенімінен бас тартса, егер ол өз жұмысынан бас тартса, оған алты жыл беріледі және сот залынан босатылады, егер ол одан бас тартпаса, оған жеті жыл беріледі және бұл бұйрық орындалып, ол ары қарай отыра береді. Думан бірден өз ұстанымын білдіріп: мен саясаткер ретінде болашақта белгілі бір платформаға ие болуым керек, Мен өз миссиямды түсінемін, менің артымда шындық бар, мені халық қолдайды. Оның осындай ұстанымы бар", - дейді Нұрпейісов.
Сондай-ақ журналистің әкесі Алмас Тілепов ұлының "ешқандай келісімге келмейтінін" атап өтті.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 мамырында Думан Мұхамедкәрімді полиция митинг ұйымдастыруға тырысқаны үшін 25 тәулік қамауға алу туралы шешім шығарылған болатын.
“Адырна” ұлттық порталы