Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысуға әскер жібереді

1544
Adyrna.kz Telegram

Парламент Президенттің БҰҰ миссияларына қатысу үшін бітімгершілік күштерін жіберу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

БҰҰ шақыруы бойынша өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр.

«Қазақстанға дербес бітімгерлік миссиясының берілуі біздің елдің әлемдік аренадағы беделін көрсетеді. Бұл Қарулы күштердің атқарып жатқан қызметін де айқындайды. Алғаш рет Голан биіктігінде жүзеге асыратын дербес бітімгерлік миссия болмақ. Ротаның құрамына 139 әскери қызметші кіреді. Әскерге шақырылған сарбаздар оның қатарында жоқ. Тек қана кәсіби әскерилер мен келісімшарттағы офицерлер, олардың барлығы толық оқытудан өткен»,— деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Пікірлер