Ақын Ерболат Баят Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының басшысы қызметіне тағайындалды, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында айтты.
Тағайындау Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің бұйрығымен жүзеге асты.
"Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің бұйрығымен 16 қаңтардан бастап Жазушылар одағының Ақмола облысы филиалының директоры, яғни Одақтың ресми өкілі болып тағайындалдым. Тілеулес жандарға рахмет, іске сәт деп қойыңыздар!" деп жазды Ерболат Баят жазбасында.
Ерболат Баятұлы — 1964 жылы Монолияның Баян-өлгий аймағының Өлгий қаласында дүниеге келген.
1987 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1987-1988 жылдары Қызылқайың орта мектебінде мұғалім, 1988-1989 жылдары аймақтық қазақ радиосында тілші-редактор, 1990-1992 жылдар аралығында Монғолдың педагогикалық ғылыми зерттеу институтының қазақ мектептер секторында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарған.