Судья пара алып жатқан кезінде ұсталды

4638
Adyrna.kz Telegram

Судья 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде парамен ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық әрекеттер жасау фактісі бойынша материал (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) тіркелгені хабарланды.

Ақпаратты Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі растады.

“2024 жылдың 15 қаңтарында облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, судьяны 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде парамен ұстады, күдіктіге ешқандай процессуалдық мәжбүрлеу қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-қимылдары арқылы сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мен тергеу материалдарына сәйкес, параның сот төрелігін жүзеге асыруға қатысы жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер