Жетісуда деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды

1935
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді. Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды»,— деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.

Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 кг 722 грамм марихуана екенін көрсетті.

Пікірлер