Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алу мерзімі наурыз айына дейін ұзартылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Астана сотының баспасөз қызметі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамауға алу мерзімін 9 наурызға дейін ұзарту туралы ақпаратты растады.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. Кейіннен министрлік бұрынғы министрдің әйелін ұрып өлтіргені үшін ұсталғанын растады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі басшылығына істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.