Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі наурызға дейін ұзартылды

2923
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/img_7702.jpeg
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алу мерзімі наурыз айына дейін ұзартылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Астана сотының баспасөз қызметі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамауға алу мерзімін 9 наурызға дейін ұзарту туралы ақпаратты растады. Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. Кейіннен министрлік бұрынғы министрдің әйелін ұрып өлтіргені үшін ұсталғанын растады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі басшылығына істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.
评论