“Көшпенділер” керуенін бастаған қаламгер. Бүгін - Есенберлиннің туған күні

1806
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 10 қаңтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы - Ілияс Есенберлиннің туған күні. 

“Көшпенділер” керуенін бастаған қаламгер 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында дүниеге. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады.

1983 жыл Қазақ әдебиетінен жалынды жазушымызды алып кетті. 

Ілияс Есенберлин 1967 жылы "Айқас", 1968 жылы "Ғашықтар", 1971жылы "Алтын құс", 1974 жылы "Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1978 жылы "Маңғыстау майданы", 1978 жылы "Аманат", т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Еңбек Қызыл ту ордені, «Құрмет белгісі» орденімен және «За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда» медальдерімен марапатталды. 1968 жылы «Айқас» романы үшін Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері атанды.

Пікірлер