Заңсыз қару айналымының 14 арнасы жойылды

1643
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Qazaq times
Фото: The Qazaq times

2023 жылы Қазақстанда заңсыз қару айналымының 14 арнасы жойылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қаруды іздестіру және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, заңсыз қару айналымының 14 арнасы мен оларды қолдан жасайтын жеті цех жойылды. «51 Калашников автоматы, 192 шолақ мылтық, 165 тапанша, 45 граната, екі гранатомет, 4 дана снарядтар мен миналар, жеті жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрлі 36 870 патрон тәркіленді», - делінген сейсенбідегі хабарламада.

ҰҚК атап өткендей, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер