Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді Алматы облысы бойынша АФМ департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, онлайн-платформа тиісті лицензиясыз букмекерлік қызметтер де көрсеткен. Бұл ретте ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданды, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік береді.
2023 жылы онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздестіруге жарияланды, тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге ақшалай қаражатқа тыйым салынды. Бұл ретте "Mercedes-Maybach S500" және "Lamborghini Huracan"автокөліктері тәркіленді.
“Адырна” ұлттық порталы