Бір адам қаза тапты. Қызылорда облысында газ баллоны жарылды

2367
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қызылорда ТЖД
Фото: Қызылорда ТЖД

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Аққұм ауылында тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты, деп хпэабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайлари департаментінің мәліметінше, жарылыстан баспананың қабырғалары қирап, төбесі опырылып түскен. Оқыс оқиға кезінде үйде 5 адам болған. Үй иесінің әйелі мен екі баласы аман шығып үлгерген.

Ал анасын құтқармақ болған 30 жастағы ер азаматты күйік шалып, ауруханаға түсті. Ауылға өрт сөндірушілер келем дегенше баспананың түгі қалмаған. Мамандар 50 литрлік газ баллоны жарылған деген болжам айтып отыр.

«Тұрғын үйден 1948 жылы туған азаматшаның мәйіті шығарылды. Қазіргі таңда департаменттің анықтау бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 292-бабына сәйкес Қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық, сот-медициналық, өрт сөндіру зертханасы бойынша сараптама тағайындалды. Себеп-салдары анықталып жатыр»,- деді облыстық ТЖД Басқарма бастығы Асхат Оразбеков.

Пікірлер