Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанғаны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық", - деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов.
Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.
Елшілер көші-қон ісі ұсынатын мүмкіндіктерді және оның бүкіл әлем бойынша таланттарды таратуға қалай көмектесетініне қолдау көрсетеді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
“Елімнің ақ пейілінен биік құрмет жоқ”. Димаш бала кезінде “халық әртісі” аталған видеосымен бөлісті (ВИДЕО)
