Рудныйда полицейді қасақана қаққан тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Рудныйлық тұрғын тәртіп сақшысын қаққан. Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін "кінәлі" деп танылды.
22 желтоқсан күні Рудныйда Toyota маркалы көліктің жүргізушісі «Мүгедектерге арналған тұраққа» көлігін қойған болатын. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері жүргізушіге ескерту жасайды. Алайда агрессивті жүргізуші оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полицейді көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, артынша оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.
Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.