Алматыда жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Алматы қаласында қуаты 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Зілзаланың ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан.
MPV магнитудасы - 4.6 балл.
Төтеше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Түргенде – 3 балдық, Алматы – 2 балдық жер сілкінісі сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.