Алматыда екі студент қызды алып қашпақ болған

1249
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз
Алматыда екі студент қызды қалыңдық ретінде алып қашуға тырысқан. Оқиға жайында полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желілерден 5 тамыз күні түстен кейін Алматы жоғары оқу орындарының бірінің екі студенті жатақханадан шыққаны белгілі болды. Үш жігіт оларға Сарыағашқа апарып, үйленетінін айтып, көлікке күштеп отырғызбақ болған. Қыздар аяғы мен қолынан жарақат алғанына қарамастан, қашып үлгерді. Артынша дереу полиция шақырып, күдіктілер ұсталған. Бірақ, көп ұзамай полиция оларды босатқан.

Полицияның ақпаратынша, қыздар арыз жазудан бас тартқан.

"Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлайды. Іс жүргізу барысында оқыс оқиғаға қатысушылардан өз таныстарына қатысты шара қолданбау және оларға наразылықтың болмауы туралы өтініш келіп түсті",-деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер