Оралда дәмханалардың бірінде болған жарылыстан кейін жалға алушы ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
БҚО облыстық прокуратурасы Оралдағы жарылыс болған кафе жалға алушысының ұсталғанын хабарлады.
4 қаңтар күні болған қайғылы оқиғадан үш адам қаза тапқан.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті “Rizyq”дәмханасында болған өрт пен адамдардың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтты.
"Құқықбұзушылықты жасаған күдікті 6 қаңтарда ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.