Дәмханадағы жарылыс: Ғимаратты жалға алушы ұсталды

1970
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Оралда дәмханалардың бірінде болған жарылыстан кейін жалға алушы ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. БҚО облыстық прокуратурасы Оралдағы жарылыс болған кафе жалға алушысының ұсталғанын хабарлады. 4 қаңтар күні болған қайғылы оқиғадан үш адам қаза тапқан.  Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті “Rizyq”дәмханасында болған өрт пен адамдардың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтты.
"Құқықбұзушылықты жасаған күдікті 6 қаңтарда ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Comments