АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі 50 жылдан кейін айға зымыран ұшырмақ. Жоспар бойынша ғарыш кемесі биылғы жылдың соңында немесе 2025 жылдың басында ұшырылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолғы сапарда айға алғаш рет Кристина Кох есімді әйел адам ұшады, ол алғашқы әйел-астронавт атанбақ.
Сарапшының айтуынша, бұл жолы ғарыш кемесі айға қонбайды, бірақ келесі экипаждың қонуына мүмкіндік жасайды.
"Биыл 4 ғарышкер – 3 америкалық және 1 канадалық азамат Айға ұшады. Бірақ қонбайды. 10 күнде айналып шығады. Адамзаттың Айға ұшпағанына жарты ғасырдан асып кетті. Сондықтан мұның бәрі тарихи сәтке айналмақ", - дейді сарапшы Марсиа Данн.
Бұл ұзақ сапарда 4 ғарышкер айға дейін 370 000 шақырым ұшып, 9 күн 13 сағат жұмсайды. Осыдан кейін олар айдың айналасында 6 күнге орбитаға шығады. Ғарышкерлер Айдың жанындағы жерсерігіне адам түсе алатындай жол салып, онда тұрақты база тұрғызады. Миссияға 4 миллиардтан астам доллар жұмсалады деген ақпарат бар. Оның 363 млн доллары айға жүк жеткізетін коммерциялық компанияларды қолдауға бөлінеді.
"Адырна" ұлттық порталы