NASA-ның Perseverance ровері Марста ежелгі көл шөгінділерінің бар екенін көрсететін деректер жинады. Бұл туралы Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) веб-сайтында есеп жарияланған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жиналған деректер, атап айтқанда, ғалымдардың Марстың кейбір бөліктері бір кездері сумен жабылған және бұл планета микробтар өміріне қолдау көрсете алады деген болжамын растайды.
NASA бес жылдық ауқымды зерттеуден кейін таңдалған Perseverance роверінің қону орны ретінде Джезеро кратерін анықтады.
Ғалымдар ұзақ жылдар бойы бұл шұңқыр суға толып, ежелгі өзен ағып жатқанын айтып келеді.
Ровердің Джезеро кратерін зерттеуі ежелгі көл шөгінділерінің бар екенін растады, бұл Марста өмірдің бар екенін растауға жаңа үміт береді.
Джезеро кратері Үлкен Сырт (шығысында) мен Исис жазығының (батыс жағынан) шекарасында орналасқан. Кратердің диаметрі - 45 км.