Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейюс көптеген елдерде бірнеше аптадан бері дертке шалдыққандар санының артуына байланысты барлығын бетперде киіп, COVID-19-ға қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды "Адырна” ұлттық порталы.
«COVID-19, тұмау және басқа да қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулардың саны көптеген елдерде бірнеше апта бойы өсуде және соңғы мерекелерден кейін де жалғасады деп күтілуде», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осыған байланысты ДДС басшысы барлығын COVID-19-ға вакцинациядан өтуге және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды.
Желтоқсан айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 ауруының 28 күн ішінде алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 52 пайызға өсіп, 850 000 жағдай тіркелгенін хабарлады.
”Адырна” ұлттық порталы