Әсіредіншілдер Covid-19-дан қорықпайды (видео)

28000
Adyrna.kz Telegram

Бүгін белгілі дін уағызшысы Әбдіғаппар Сманов өмірден өтті. Жүздеген әлеуметтік желі қолданушылары марқұмға көңіл айтып, қайғысымен бөлісті. Желі арқылы қайтыс болған кісінің атына жақсы сөз айту, қайғыру, жоқтау, үлкен адамгершілік екенін білеміз.

Бірақ, дәл қазіргідей күніне кем дегенде 1000 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, емханаларда орын жетпей, жұртымыз дәріханадан қарапайым дәрі-дәрмек таба алмай жатқан уақытта, мыңдаған адамның жаназаға жиналуын еш түсіне алар емеспіз.

Денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік бас санитар дәрігер, аймақтардағы әкімшіліктер барынша сақтық шараларына шақырып жатыр.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  "той қуалайтын заман емес" деп, халыққа той жасауды кейінге қалдырып, қалдыруға келмейтін жағдайда аз адамның ғана жиналуын меңзеген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  COVID-19-дың 2022 жылға дейін созылатынын айтып дабыл қағуда. Ғалымдар індеттің таралуын  алдағы 1-1,5 жылда жалғаса беретінін айтуда.

Бізді марқұмды жер қойнына тапсыруға мыңдаған адамның жиналғаны алаңдатады. Сарыағаш ауданының әкімдігі, полициясы осынша адамның жиналуына неге жол бергенін түсіне алар емеспіз. Дәл қазір аудандық әкімдікке мән-жайды білуге хабарласпақ едік. Ресми сайтынан техникалық себептерге байланысты ешқандай байланыс нөмірін таба алмадық.

Еске сала кетейік, марқұм ауруханаға ауыр халде түскен. Диагнозы – артериалная давления (200), гипертонический кризис, сахарный диабет, пневмония.

Таралған видеода жаназаға жиналған жұрттың жөтеліп жатқанын анық естуге болады. Жерлеуге қарсы емеспіз. Қайтыс болғанда жаназасына 30 адамнан, тойларда 50 адамнан аспасын деген талап бар. Еліміздегі санитарлық  ережелер барлық жерге бірдей емес пе? Оның үстіне марқұм пневмания болған. Осы жағдайдан кейін Сарыағашта коронавирус инфекциясы өршіп кетсе кім жауап береді? Смановтар отбасы ма, аудандық әкімдік пе?

 

Жасұлан Наурызәлі

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер