Елордада адам ұрлаған алаяқтар тобы ұсталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі. Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген»,—делінген хабарламада.
Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.