Жол ережесін бұзған әйелді босатуды талап еткен полиция қызметінің басшысы жұмыстан қуылды

3203
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Талдықорған қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы жанжалды видеодан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсан айында әлеуметтік желілерде екі адамның телефонмен сөйлескен видеосы тарады.

Бейнежазбада полиция қызметкері Жетісу облысы әкімі орынбасарының әйелін жол ережесін бұзғаны үшін заңды түрде рәсімдемек болған, бірақ оған «223» белгісі бар полковник телефон соғып, кінәлі әйелді босатуды талап еткен.

Аталған факті бойынша Өңірдің полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізілгенін нақтылады.

"Тергеу қорытындысы бойынша қалалық полиция қызметінің бастығы қызметінен босатылды. Сондай – ақ жеке құрамға барлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын қатаң сақтау туралы талап жеткізілді", - деп қорытындылады полиция департаменті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер