Полиция рөлде ұйықтап кетіп, 10 көлікке соқтығысқан автобус жүргізушісі туралы айтты

2189
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Тараз полициясы қалалық автобустың қатысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, 4 қаңтар күні таңертең Таразда No56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан көлікке шығып кетіп, тоқтап тұрған 10 көлікке соқтығысқан. 56 жастағы әйел жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

«Оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған. Қалыпты, адекватты жүргізуші. Бір ғана нәрсе, ол бір сәтке ұйықтап кеткен, көзін ашса, өзі айтқандай, кеш болғанын көрген», - деді Тараз қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов Қазақпарат агенттігінің тілшісіне берген жауабында.

Аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер