Таразда аға прокурор нанға қақалып, көз жұмды

1640
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Таразда аға прокурор көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аға прокурор Сергей Налыгачев жергілікті дәмханалардың бірінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 30 маусымда болған.

Оқиға орнында болған куәгердің айтуынша, аға прокурор нанға қақалып қалған. Ер адаммен бірге досы болған.

Дәмхана әкімшілігі мен прокурордың досы алғашқы медициналық көмек көрсете алмағанын алға тартып отыр. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жан тапсырған.

Ал Сергей Налыгачев 20 жылдан астам уақыт бойы Жамбыл облысының прокуратурасында қызмет еткен екен.

Пікірлер