10 жыл ішінде Ұлттық банк қорына 550 тонна алтын сатып алынған

1550
Adyrna.kz Telegram

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, соңғы 10 жылда Ұлттық банк қорына 550 тонна тазартылған алтын сатып алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақпарат сайтына сілтеме жасай отырып.

"Елімізде 2011 жылға дейін өңделген барлық алтын экспортталды. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Алтын экспортына уақытша шектеу енгізілді. 2011-2015 жылдары 229,62 тонна шикі алтын қабылданып, экспортқа 64,24 тонна жіберілді. Ұлттық Банкке 110 тоннаға жуық тазартылған алтын берілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, "бағалы металдар және асыл тастар туралы" Заңға сәйкес 2016 жылдан бастап Ұлттық Банктің тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығы бар.

"2011-2022 жылдары Ұлттық банк үшін 550 тоннаға жуық тазартылған алтын сатып алынды. Жыл сайын елімізде 1000 тоннадан астам күміс өңделеді, шамамен 990 тонна экспортқа жіберіледі, - деп нақтылады министрлік.

"Адырна" үлттық порталы

Пікірлер