Жапониядағы жер сілкінісі. Қаза болғандар саны 62-ге жетті

2118
Adyrna.kz Telegram

Жапонияның Исикава префектурасында болған күшті жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 62 адамға жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы жергілікті Киодо агенттігіне сілтеп.

«Ното түбегіндегі жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны расталған дерек бойынша 62-ге жетті», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендердің ең көп саны Вадзима және Сузу қалаларында тіркелді – мұнда жер сілкінісі салдарынан тиісінше 29 және 22 адам қаза тапты. Бұған дейін 55 құрбан болғаны айтылған еді. Құлаған үйлердің қирандыларының астында адамдар да болуы мүмкін. Жүзден астам адам жарақат алды.

Жаңа жыл күні Жапонияның батысында бірнеше күшті жер сілкінісі болды, олардың ең күштісі магнитудасы 7,6 болды. Оларға «Ното түбегіндегі жер сілкінісі» деген атау берілді. Жерасты дүмпулері Осака, Киото және Токиода да сезілді. Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, апат 1885 жылдан бері аймақта болған ең ауыр апат болды.

Жер асты дүмпулері ғимараттардың қирауына, жүрдек пойыздар қозғалысының тоқтап қалуына әкеп соқты, 32 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Кейбір өңірлерде су құбыры да, коммуникация да жоқ, жол жамылғысы бұзылған. Әзірге атом электр станциясының жұмысында ақаулар анықталған жоқ.

Пікірлер