Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жаңа жыл түні төбелескен тағы бес адамдв ұстады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды.
"Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының деректері мен әрекеті мұқият зерттелуде. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Талдықорған дәмханасында болған төбелеске қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (топтық жасалған бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.