Іздеу жарияланған Дина Таңсәрі үстінен қозғалған істерге қатысты түсініктеме берді

2370
Adyrna.kz Telegram
Фото: NeMolchiKZ Facebook парақшасынан
Фото: NeMolchiKZ Facebook парақшасынан

"НеМолчи.kz" қорының басшысы Динара Смайылова, яғни Дина Таңсәрі есімімен белгілі белсенді алаяқтық бойынша қозғалған істерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айта кетейік, белсендінің үстінен алты қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі "Алаяқтық" бабы бойынша тергелуде.

Тергеушілер оның қазақстандықтар зорлық-зомбылық құрбандарына көмекке аударған қордың ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанына сендіреді.

Осы жайттардан кейін Динара Смайылова өзінің Facebook-парақшасында адвокаттардан көмек сұрады. Айтуынша, оның жұбайы екеуінің шоттары бұғатталған, сондықтан олар ақылы заң көмегіне жүгіне алмай отыр.

Желі қолданушылары Динара Смайыловадан не себепті тергеуде аударымдар мен шоттарды, барлық есептерді бермей жатқанын сұрады. Бірақ белсенді тергеушілер тек кейбір посттарды ғана іске қосқанын айтады. 

“Барлық есепшоттар мен аударымдар бар, бірақ олар мені тіпті сұрамады, істің басталғанын хабардар етпеді, менің дәлелдерімді тыңдамады, есептерімді зерттемеді. Олар тек есептер жоқ таңдаулы посттарды іске қосқан", — деді ол.

Бұған дейін “Не молчи” қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланғанын хабарлаған едік. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер