"Санамда қорыту үшін уақыт керек болды". Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі жазба жариялады

3253
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazpravda.kz
Фото: kazpravda.kz

Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Бишімбаева Нүкенованың өліміне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Бишімбаева Instagram парақшасында Салтанат Нүкенованың өлімі туралы жазба жариялады.

"Үнсіздікті тоқтатайын деп ұйғардым. Салтанаттың қайғыға ұшыратқан өлімінен 40 күннен аса уақыт өтті. Өзіме де, балаларыма да болған оқиғаны түсіну үшін, санамда қорыту үшін уақыт керек. Балаларымызбен Салтанаттың туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазған.

Бұрынғы министрдің бірінші әйелі марқұм Нүкеновамен жеке таныс болмағанын айтады. Дегенмен Назымның балалары Салтанатты жарқын жүзді, қайырымды әрі өте ақкөңіл адам ретінде таныған.

"Бұл қайғылы оқиғаның ауырлығы - оларға қамқор, қолдаушы әрі үлгі болуға тиіс жақын адамның жасағанында. Ал оның орнына - үрейлі, ұят және өте ауыр. Балаларымның басына түскен қиындықтарға қарамастан, олар әрқашан қайырымды әрі мейірбан болып өсетініне сенемін", - деп жазды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер