Сарапшы - Баум тоғайын құтқару үшін апатты ағаштарды санитарлық кесу қажет

9598
Adyrna.kz Telegram

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Талғат Кертешев 2021 жылы басталған Баум тоғайы аумағындағы зерттеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Зерттеу қорытындысы бойынша жарамсыз және апатты ағаштардың 6560 данасы және қураған ағаштардың 1713 данасы тіркелді.

«Егер Баум тоғайындағы жасыл екпелердің құрамы туралы айтатын болсақ, онда 95% -ы жапырақты ағаштар, 0,5% -ы қылқан жапырақты ағаштар, қалғаны-бұталар. Зерттеу барысында жас екпелердің үлесі 0,5%-ды, орта жастағылардың 5%-ды, жетіліп келе жатқан өсінділердің 35-38%-ды, жетілген екпелердің 54%-ды құрайтынын анықтадық. Екпелердің көпшілігі ескі, әлсіреген, кеуіп, құрғап кеткен әрі тозығы жеткен, апатты күйде», - деп түсіндірді профессор.

Ғалымның айтуынша, табиғат ескерткішін басқару ісінде жасыл желектерді сауықтыруға бағытталған жүйелі тәсіл қажет. Баум тоғайында діңгегі шіріген ағаштарды кесу керек, мұнда олар шамамен 3,5 мың бірлікті құрайды. Екпелерге ауру жұқтыратын да солар.Рекреациялық және эстетикалық құндылықты ескере отырып, аумақты ландшафттық бағалау қажет: Баум тоғайында ландшафттың барлық үш түрі болуы керек-жабық, ашық және жартылай ашық.

«Біз қазір Баум тоғайын сауықтыруымыз керек. Бұрын мұнда табиғат ескерткіші құрылды және ештеңе жасай алмадық. Бірақ 100 жыл немесе одан да көп уақыт өткенде, біз тұжырымдаманы өзгертуіміз керек. Ал тұжырымдамада қала тұрғындарының демалуы, тоғайды сауықтыру көрініс табуы тиіс. «Міне, сау орман кесіліп жатыр» деп байбалам салатындар да бар. Ешкім сау орманды кеспейді. Мұндағы сау ағаштар небәрі 48%-ды құрайды, қалғандары зақымдалған, ауырған, шіріген, қураған. Оларды алып тастау керек, өйткені ауру қоздыратындар -осылар. Кепкен әрі қураған ағаштар үнемі назарда болуы тиіс. Саябақ қызметкерлері де, ғылыми мекемелер де әрбір ағаштың жағдайын бағалау үшін уақтылы іс-шараларды қадағалап, енгізетін болады», - деп түйіндеді сөзін Талғат Кертешев.

Пікірлер