«Гауһартас» музыкалық драмасы «UMAI-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды

1905
Adyrna.kz Telegram

Астанада «Астана Опера» театрының сахнасында өнер саласының үздіктері анықталып, шығармашылық ұжымдар мен сала қайраткерлеріне «Umai-2023» ұлттық сыйлығы табысталды.

«Umai-2023» ұлттық сыйлығының салтанатты рәсімін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашып, байқаудың барлық қатысушысын құттықтап, өнер саласының өкілдеріне үлкен шығармашылық жолда жаңа жетістіктер тілеп және «Театр өнері» номинациясы бойынша: «Үздік спектакль» (музыкалық драмалық) «Гауһартас» Д.Исабековтің (қоюшы режиссері – Асхат Маемиров) Музыкалық жас көрермен театры ұжымын марапаттады.

Сонымен қатар, министр Аида Ғалымқызы ұжымға ақшалай сыйлық (7 000 000 теңге) сертификатын табыстады.

«Дарынды шығармашыл ұжым мен тұлғаларды қолдап және ынталандырып жатқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреміз. Сондай-ақ «Umai-2023» сыйлығы жаңа жасампаз буынды ынталандырып, еліміздегі өнердің әрбір бағытын дамуын жеделдетуші, ұлттық мәдени капиталын нығайтатынына сеніміміз мол», - деді Астана қаласы  Музыкалық жас көрермендер театрының директоры, режиссер  Асхат Маемиров.

«Umai-2023» ұлттық сыйлығын жеңіп алған “ГАУҺАРТАС” музыкалық драмасы премьерасы өткен күннен бастап, 8 айдың ішінде көрермен назарына "ГАУҺАРТАС" спектаклі 155 мәрте ұсынылды.

Қойылымды 65 мыңға жуық көрермен тамашалады.

“Осындай өміршең туынды жазған жазушы-драматург Дулат Исабеков ағамызға мың алғыс”, -деді Асхат Маемиров

Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 79 миллион теңгені құрайтын Umai ұлттық сыйлығын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өткен жылдан бері өнер саңлақтарына табыстап келеді. 

Пікірлер