Бюджетті аудандарға: Алматыда 2023 жылдың 11 айында 326 мың м2 жол жөнделді

8651
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы қолдаған Алматыдағы Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру аудандық әкімдік жұмысының тиімділігін едәуір арттырып, қала тұрғындарының өзекті мәселесін шешуді жеделдетті, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.

«2023 жылдың 1 сәуірінен аудандық деңгейге 15 функция берілді. 8 ауданның бюджеті 2022 жылы 51,6 млрд.теңгеден 2023 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 162,9 млрд. теңгеге дейін 3 еседен аса ұлғайтылды. Орталықсыздандыру аясында аудан әкімдіктері биылғы жылдың 11 айында 326 мың м2 жол төсемін жөндеді. 177 шақырым сумен жабдықтау және кәріз тарату желілері салынды», — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар балаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Тегін үйірмелерге бару үшін 90 мыңға жуық ваучер берілді. Соның ішінде 47 213 - шығармашылық тапсырысқа және 42 691 - спорт үйірмесіне. Қала әкімінің 2024 жылы 8 ауданның бюджеті тағы 20,5%-ға өсіп, 196,4 млрд. теңгеге жететінін айтты.

Пікірлер