Алматыда сауда орталығының бірінде сатып алушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.
Алматыда сауда орталықтарының бірінде дүкендер жеңілдік жариялаған. Жеңілдікке үмітті адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік тудырған. Тіпті орталықтағы витриналарды қиратқаны белгілі болды.
"Адам көп болғаны сонша – олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді", – делінген бейнероликте.Орын алған жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.
"Алматы қаласының полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған. Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Барлық жерде оқуға құжат қабылдау жүріп жатыр ғой. Толық емес отбасыға бөлінетін жеңілдікке ие болу үшін әкеңнің немесе шешеңнің қайтқанына үш жыл толуы керек.