Нұрсұлтанда көше автобустарындағы жеңілдікті алып тастады

4585
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық көліктерде барлығына бірдей 60 минуттың ішінде басқа автобусқа ауысып отыру жеңілдігін алып тастайды. «City Transportation Systems» компаниясы (бұрынғы «Astana LRT» ЖШС) жаңа тарифтерді енгізу аясында бір сағаттың ішінде екінші автобусқа тегін ауысып отыру жеңілдігін алып тастайды, деп хабарлайды Sputnikz.

Қазақстан Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 28 наурыздан бастап жаңа тарифтер енгізіледі. Соған сәйкес, барлығына бірдей 60 минуттың ішінде басқа автобусқа ауысып отыру жеңілдігін алып тастайды. Ондай мүмкіндік тек екі тариф кезінде ғана сақталады.

Олар: 15 сапар – 2000 теңге;

30 сапар – 4 000 теңге.

Жолаушылар тасымалындағы өзгерістерге сәйкес, кәмелет жасына толмаған балалар бұдан былай автобуспен тегін қатынайтыны хабарланған болатын.

Пікірлер