Жеңілдіктен соң. Алматыда сауда орталығына келушілер бір-бірін таптап кете жаздады

3193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Алматыда сауда орталығының бірінде сатып алушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп. Алматыда сауда орталықтарының бірінде дүкендер жеңілдік жариялаған. Жеңілдікке үмітті адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік тудырған. Тіпті орталықтағы витриналарды қиратқаны белгілі болды.
"Адам көп болғаны сонша – олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді", – делінген бейнероликте.
Орын алған жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.
"Алматы қаласының полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған.  Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Комментарии