"1986 жылғы желтоқсан оқиғалар кезінде көп жас қаза тапты, олардың екеуі біздің Панфилов ауданынан болады. Ләззат Асанова Ақжазық ауылында дүниеге келген (қазір Айдарлы), мектепті бітіргеннен кейін музыкалық училищеге түсіп, 1986 жылы желтоқсанда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Кейін шындықтың беті ашылып, ол сол қатал күндердің символына, қаһарманына айналды. Ербол Сыпатаев біздің ауылдан шыққан. Ол Алматыда энергетика институтының 2-ші курсында оқып жүрген. Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңда болып, сол кездегі қырғында қаза тапты. Міне, осы және басқа да көптеген өрімдей қыз-жігіттер бүгінгі еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне соқпақ жол салып берді", – деді Батырбек Нүсіпов.
12 жастағы 7-сынып оқушысы аудан басшысы да атаулы датада елеусіз қалдырмауды жөн санаған. Панвилов ауданының әкімі Тәуелсіздікке су жаңа смартфон сыйлады.