Бүгін – Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
17 желтоқсан - 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды еске алу күні. Қазақ халқының азаматтық және саяси позициясын айқын аңғарта білген, ел есінде "86-ның желтоқсаны" деген атпен қалған қанды қырғында опат болған жастардың аруағына сыйынып, құран оқылады.
Желтоқсанның 17-і күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы сол кездегі Л.И.Брежнев атындағы алаңға (ред. қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұранмен 300-дей адам жиналған болатын. Сол күні кешкісін ереуілшілер саны 20 мыңға жеткен.
Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды қазақ жастары бар.
Сондай-ақ, 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы" Жарлығының 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-сі "Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні" деп жарияланды.