17 желтоқсан - құрбандарды еске алу, демократиялық жаңару күні

3364
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/cf782fa0-2e21-450f-8915-b18cc02614e5-960x500.jpeg?token=85f4179448cef4cc5adf810afeaed69b
Бүгін – Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 17 желтоқсан - 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды еске алу күні. Қазақ халқының азаматтық және саяси позициясын айқын аңғарта білген, ел есінде "86-ның желтоқсаны"  деген атпен қалған қанды қырғында опат болған жастардың аруағына сыйынып, құран оқылады. Желтоқсанның 17-і күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы сол кездегі Л.И.Брежнев атындағы алаңға (ред. қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұранмен 300-дей адам жиналған болатын. Сол күні кешкісін ереуілшілер саны 20 мыңға жеткен. Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды қазақ жастары бар. Сондай-ақ, 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы" Жарлығының 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-сі "Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні"  деп жарияланды.  
Yorumlar
Diğer Haberler