«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында мегаполисте көмек көрсетілуде

1726
Adyrna.kz Telegram
dknews.kz
dknews.kz

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында мегаполисте әлеуметтік осал топ өкілдеріне коммуналдық төлемдерге көмек мөлшері артты. Аз қамтылғандар үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, - деп жазды «Адырна» тілшісі almaty-akshamy.kz сайтына сілтеме жасап.
Көмек халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтардың жекелеген 8 санатына көрсетілетін болады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтып берді.
Мұндай шешімді «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына тарифтердің көтерілуіне байланысты қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында қабылдады. Заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифтің өсуі 1 кВтсағ үшін 1,2% , жеке тұлғалар үшін 7% құрады.
«Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің деректері бойынша, жеке тұлғалар үшін тұрғын үйге электр энергиясын орташа тұтыну 209 кВтсағ құрайды, бұл тұрғын үйде құнның 315,59 теңгеге ұлғаюын көздейді. Осыған байланысты ХӘОТ қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және қаржылық жүктемені азайту үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК-ке 2070 теңгеге дейін ұлғайтылды. Әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту 345 теңгені құрайды», - деді Б. Жаубасов.
Атап өтілгендей, жоба ХӘОТ құжаттарын учаскелік комиссияға жіберілмейді, осы тұрғыда әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай көрсетіледі. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүгінген әлеуметтік көмек алушылар үшін қайта өтініш бермей, төлем мерзімін 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту көзделген. Әлеуметтік көмек төлеуді қала әкімінің аудандық аппараттары жүргізеді.
«Жобаны қаржыландыру Алматы қаласы бюджетінің қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады. 2024 жылға қаржыландыру 4 млрд теңгеден астам сомманы құрайды», - деп толықтырды басқарманың басшысы.
Алматыда ХӘОТ қатарынан 315 мыңнан астам азамат тұрады, оның ішінде биыл 559 млн теңгеге жүз мыңдай адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Пікірлер