Бүгін жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым Ақселеу Сейдімбектің туған күні.
Ақселеу Сейдімбек – 1942 жылдың 12 желтоқсанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдала би ауылында туған.
Ақселеу өзінің «Қазақтың күй өнері» (2002) атты кітабында былай деген болатын:
«Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан бұл жолда еткен еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ»
Этнограф-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақселеу Сейдімбек 67 жасқа қараған шағында, 2009 жылдың 16 қыркүйегінде өмірден озды.
Естеріңізде болса, Ақселеу Сейдімбектің қазасы туралы жазған едік.
«Адырна» ұлттық порталы