Елордада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

1567
Adyrna.kz Telegram

Астанада 14 желтоқсан күні қаланың барлық кәсiпкерлiк субъектiлері үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ порталға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлердің қарамағындағы қызметкерлердің деректерін енгізуге болады.

Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ашық есік күні 14 желтоқсанында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 326-кабинет мекенжайында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 55 68 90, 87754008002 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Айта кетейік, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді (23-бабы 2–тармағының 27) тармақшасы) – жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер