Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың үйлерді аралап, жеке деректер жинаған видеоларын жариялап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы tengrinews.kz-ке сілтеп.
Instagram қолданушысының сөзінше, екі әйел оның үйіне келіп, оқушылардың бар-жоғын сұрап, жеке мәліметтерді жазып алған.
Оқу-ағарту министрлігі бұл әрекеттерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
«Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар немесе деректер сұраған адамдар алаяқ болуы мүмкін. Заңсыз әрекеттер үшін министрлік жауапты емес», – делінген хабарламада.
Министрлік азаматтарға сақ болуды, осындай жағдайларды байқаса дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Тамара Дүйсеноваға ренжудің қажеті жоқ. Қайта мойындағанына рақмет. Отыз жыл Астанаға ғана назар аударды. Басқа өңірлерді ұмытты.