Еліміздің кей өңірінде -45 градусқа дейін аяз күтілуде

3899
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/7a76897e-e394-4ad2-8b6d-eeec02a95816.jpeg
11 желтоқсанда еліміздің кей өңірлерінде -45 градусқа дейін аяз күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Синоптиктердің мәліметінше, Маңғыстау облысында көктайғақ, боран, сондай-ақ жел екпіні 15-20 м/с дейін болады деп күтіледі. Ал Атырау облысында синоптиктер екпіні 15-20 м/с жел болады деп болжап отыр. Солтүстік Қазақстан облысында да жел екпіні 15-20 м/с дейін болып, түнде облыстың басым бөлігінде -45 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Ертең Алматыда да тұман түседі деп болжанып отыр.
评论