Ауғанстанда тағы да жер сілкінісі сезілді

2904
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zher-silkinisi-960x500.jpg?token=d617f0b257f4746dd28db53dc24da020
Ауғанстанда жер сілкінді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жер сілкінісінің магнитудасы 5.4, ал тереңдігі 30 км. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 917 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Ауғанстанның Ұлттық сейсмология орталығы да жер сілкінісі туралы ресми хабарлады. Олардың мәліметтері бойынша, магнитудасы 4.8 баллды құраған екен. Сейсмология орталығы ұсынған картада Ауғанстанның астанасы Кабул маңында жер сілкінісі болғанын көруге болады. Құрбандар мен ғимараттардың қирауы туралы мәліметтер жоқ. Еске сала кетейік, осы жылы 7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,2 жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Пікірлер