Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

3320
Adyrna.kz Telegram
Фото:  Volkan Kasik/Anadolu Agency via Getty Images
Фото: Volkan Kasik/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінге, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілді.

Al Arabiya телеарнасы жер сілкінісінің Ирак пен Ливанның кейбір аймағында да сезілгенін атап өтті. Ал Yeni Shafaq газетінің хабарлауынша, Түркияның кем дегенде төрт провинциясында қираған ғимараттар тіркелген. Кахраманмараш, Малатия, Шанлыурфа және Газиантеп провинцияларында үйлер құлаған.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Пікірлер