Қазақстан аумағында магнитудасы 4,3 болатын зілзала болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
«6 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 14:26:07-де жер сілкінісі тіркелді», - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай 516 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. Магнитудасы MPV 4.3.
"Адырна" ұлттық порталы