Шахтадағы апат. Жеті адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

3262
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/046569d7-3656-4aee-8212-1babd276015a-960x500.png?token=9195c2b5ebd518533955225c8bec8c6a
Костенко атындағы шахтадағы апатты тергеу нәтижесінде 7 адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура Костенко шахтасындағы апатты тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оларға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша айып тағылып отыр. "Сондай-ақ "Арселор Миттал Теміртау" АҚ мен Қарағанды облысы өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген тұлғаларына да құқықтық баға берілетін болады" - делінген Бас прокуратура хабарламасында.  Еске салсақ, 2023 жылдың 28 қазанында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, нәтижесінде 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған болатын.
댓글
기타 기사